Жаңалықтар

ШҚО-да халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

ШҚО-да халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
Фото: polisia.kz 16.01.2023 14:05 741

Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Шығыс Қазақстан облысында ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Өскемен қаласында жедел-іздестіру іс-шараларының барысында ауыр қылмыс жасағаны үшін ұзақ уақыт бойы Тәжікстан Республикасының құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген қылмыскер ұсталды. 27 жастағы жігіт алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген.

2021 жылдың тамыз айында жәбірленушіге Латвия Республикасына виза алып, көрсетілген елге жіберемін деген желеумен сеніміне кіріп, қаскүнем одан алаяқтық жолмен 2 325 АҚШ долларын алған. Оған қатысты Тәжікстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Соғды облысы бойынша департаменті Тәжікстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 247-бабының 2-бөлігі бойынша бұлтартпау шарасын таңдау арқылы іздеу ісін бастады.

Біраз уақыттан кейін айыпталушының Қазақстан аумағында жүргені анықталды. Биылғы жылдың қаңтар айында іздеуде жүрген азамат ұсталып, Тәжікстан Республикасына депортацияланды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға