Жаңалықтар

Сұйытылған газды елден шығаруға тыйым жалғаспақ

06.04.2025 16:08 551
Сұйытылған газды елден шығаруға тыйым жалғаспақ

Қазақстанда сұйытылған мұнай газын республика аумағынан шығаруға тағы жарты жыл тыйым салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Ашық НҚА" сайтында энергетика министрі шығарған бұйрықтың жобасы жарияланды. Оған сәйкес, 14 мамырдан бастап алты ай мерзімге сұйытылған мұнай газын ел аумағынан әкетуге тағы тыйым салады

"Қазақстан Республикасының аумағынан сұйытылған мұнай газын (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 12 970 0), пропанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 12 970 0) және бутанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 13 970 0) автомобиль және теміржол көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", – делінген құжатта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға