Instagram: @bibisarachess

Шахматшы ойынның өте тартысты болғанын айтты.

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Grand Swiss 2023 турнирінде әйелдер арасындағы 16-шы әлем чемпионы — қытайлық Тань Чжуньиді жеңді.

Асаубаева 4,5/5 балл жинап, жарыс көшбасшыларының қатарына енді. Шахматшы ойын өте тартысты болғанын мәлімдеді.

«Оның бірнеше қадамынан кейін мен өзімді жаман жағдайға тап болдым деп ойладым, бірақ дәл қалай екенін түсінбедім. Сондықтан мен жай ғана ойнай бердім. Содан кейін мен қалыпты күйде екенімді білдім. Содан кейін сағаттарда аз уақыт қалды, мен тек ең жақсы тәсілдерді іздеуге тырыстым»,

деп мойындады Бибісара Асаубаева ойыннан кейін.

Фото:

Поделиться: