×

Павлодарда 16 жастағы қызды зорлаған 3 жігіттен жауап алынды

Қыз зорлық-зомбылықтан құтылу үшін 10-қабаттан секіріп кеткен еді

 Еркеғали Болатұлы 27.03.2023 | 14:57
фото: Halyq Uni

Павлодарда Жастар үйінің кәмелетке толмаған тәрбиеленушісін топтасып зорлау ісі бойынша сот отырысы басталды.

Еске сала кетсек, былтыр жазда 16 жастағы қыз зорлық-зомбылықтан құтылу үшін 10-қабаттың терезесінен секіріп кеткен еді. Кейін қылмыс жасады деген күдікпен Павлодар қаласының 3 тұрғыны ұсталды.

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сол оқиғаға қатысты алдын ала тыңдау өтті.

«Сот кабинетінің» мәліметінше, басты сот отырысы 29 наурызға белгіленген.

Заңға сәйкес, аталған санаттағы қылмыстық істер жабық есік жағдайында қаралады, - деп хабарлады Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама