×

Ыстамбұлда 24 қабатты үй өртенді (ВИДЕО)

Зәулім ғимараттың төменгі қабаттарында тұтанған өрт қаптама арқылы жоғары қабатына тез жеткен

 Еркеғали Болатұлы 16.10.2022 | 11:05
фото: видеодан скриншот

Ыстамбұлда Фикиртепе ауданындағы зәулім ғимарат өртенді. 24 қабатты үйден өрттің шығу себебі әзірге белгісіз деп хабарлады Oda TV түрік басылымы.

Зәулім ғимараттың төменгі қабаттарында тұтанған өрт қаптама арқылы жоғары қабатына тез жеткен.

Біраз уақыттан кейін өрт сөндірушілер жалынды өшірді. Басылым мәліметінше, ғимарат бақылауға алынған, ішкі және сыртқы салқындату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама