Наоми Кэмпбеллдің жылтыраған әрі теп-тегіс шашына барлығымыз қызыға қараймыз. Оның өз сиқыры бар. Жұлдыз кератинді тегістеу әдісін қолданады. Сіз де шашыңызызға сусылдаған рең бергіңіз келе ме? Онда мына кеңестерге құлақ түріңіз.

Кератинді тегістеу
Kenneth Ize осень-зима 2020

Ең алдымен кератинді түзету әдісі жайлы толық біліп алайық?

Кератин — шаш құрылымын тамаша өңдеп, тегістейді. Және оның қалыпқа келуіне септігін тигізеді. Қыз-келіншектер кератинді түзетуге тек қана шашты біртегіс ету үшін ғана емес, жылтыр әрі жібектей жұмсақ болуы үшін жүгінеді. Ол шашқа арнайы ертінді жағудың арқасында мүмкін болады.

Бұл әдісті кімдер қолдана алады?

Кератинді тегістеу барлық шаш үлгілері үшін пайдалы. Сондықтан осы қызмет түрін жасатарда, тәжірбиелі маманға жүгініп, препараттарды мұқият тексеріңіз. Формальдегиді бар ерітіндіні қолданбаңыз. Ол аллергия және шаш түсіміне әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан құрамында глиоксил қышқылы бар қоспаны таңдаңыз.

Кератинді тегістеу әдісін қолданғыңыз келсе, мына кеңестерге құлақ түріңіз

Кератинді тегістеу әдісі қалай жүргізіледі?

Әдіс 3-4 сағат көлемінде жүргізіледі. Ең алдымен бас екі рет арнайы сусабынмен жуылады. Ол кератиннің енуіне кедергі келтіретін шаштағы майлармен кірлерді шығарады. Кейін маман ертіндіні ылғалды шашқа жағып, тарайды. Сосын біраз уақытқа қалдырады. Ең соңында стилист басты жуып, кептіреді.

Шашқа қандай күтім жасалуы керек?

Шашқа кератинді түзету жасаған соң, 48 сағат ішінде жууға, өруге, түюге және тағы да басқа шаш үлгілерін жасауға болмайды. Кейін шашыңыз осы сусылдаған қалпын (кератиннің әсері 4 ай сақталады) сақтасын десеңіз, онда құрамында сульфат және парабен бар сусабынды қолданбаңыз.

Кератинді тегістеу әдісін қолданғыңыз келсе, мына кеңестерге құлақ түріңіз

Кератинді тегістеуден кейін шашты бояуға болады ма?

Ол шашыңызды қара не ақшыл түске бояуыңызға байланысты болады. Алғашқы жағдайда, кератинді тегістеу әдісінен соң, екі аптадан кейін шаш бояуға болады. Ертерек жасасаңыз бояу дұрыс алынбауы мүмкін.

Ал шашыңызды ақшыл түске мүлдем боямаған абзал. Ол шаш құрамындағы ақуызды бүлдіріп, кератиннің әдісін ұзаққа жеткізбейді.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Spotlight. Shutterstock.

Поделиться: