Журналист Сандуғаш Дүйсенова Orda.kz басылымының YouTube-тегі каналында сұқбат беріп, біраз дүниені айтқан екен.
Соның ішінде өзіне қарсы қозғалған қылмыстық істің бір себебін жеткізді:
«Билік менің ісімді сотқа дейін жеткізіп, маған «бұрын сотталған» деген таңба салғысы келеді»,
деді ол.
Менің осы қазан айында бір ауданның әкімі сайлауына түсіп көрмек жоспарым бар екенін билік біледі. Соның алдын алу үшін қамданған түрі болуы мүмкін.
Жергілікті әкім-қаралар Қазақстанда халық деген күш бар екенін ұмытып кетті. Егер мені сол түні абақтыдан босатпағанда, халық көтеріліп кетер еді. Қызылағаш ауылының тұрғындары көтеріліп жатыр қазір.
Мен үшін халық шығады, өйткені мен әділдікті орнату жолында өте көп адамға көмектескенмін.
Әкімдер түсіне алмайтын бір шындық бар: халық жай ғана әділ өмір сүргісі келеді. Мен осыған дейін сайлауға түскенде мені қолдап 17 800 адам дауыс берді. Тағы қаншама ұрланған бюллетенді санамағанда. Халық өзгеріс болса екен дейді. Сол үшін маған сенетінін айтады,
деді Сандуғаш Дүйсенова.