Каспий құбыр консорциумының жұмысында біраз уақыттан бері ақаулықтар туындап келеді. Болып жатқан жағдайға байланысты сарапшылар мен қарапайым халық әр түрлі ойға бөлінді. Экономист Алмас Чукин отандық мұнайдың мәселесіне қатысты өз нұсқасын ұсынды.
Бірнеше ай бұрын КҚК құбырында апат орын алды. Артынша консорциум миллиардтаған рубльге экологиялық айыппұл төледі. Қазу жұмыстары кезінде екінші дүниежүзілік соғыстан қалған миналар табылды. Оларды залалсыздандыру қажеттілігі туындады. Әрине болған жағдай жұмысқа тікелей әсерін тигізді.
Енді РФ вице-премьері Виктория Абрамченко Новороссийск портындағы экологияға алаңдаулы. Комиссия мұнайды құю жоспарында бірнеше құжаттық бұзылуын анықтады. Яғни, жанғыш сұйықтық әлі құйылмады, дегенмен жоспар толық орындалмаған. Комиссия 30 қарашаға дейін кемшіліктерді түзетуге уақыт берді. Алайда көлік қадағалау қызметі сотқа жүгініп, отырыс барысында КҚК жұмысын 90 күнге тоқтатуды талап етті. Сот құбырдың барлық қызметін 30 күнге шегеру туралы шешім қабылдады. Бұл Қазақстан мен экспорттаушылар үшін 300-500 млн долларға апаратын шығын,
деді Алмас Чукин
Бірақ, мәселе тек экспорттан түсетін шығынға ғана тірелмейді. Мұнайды жерден сорып алу қажет. Егер уақытылы жасалмаса, ол жер түбінде қатып қалады.
Тоқтап қалса, олар тығырықтан қалай шығатыны белгісіз. Бір-екі апта қоймаларға жеткізуі мүмкін, ал әрі қарай не істейді? Казмұнайгазға тиесілі ескі кен орындары айтарлықтай зардап шегуі мүмкін. Ол жерде парафині бар жақсы мұнай да, жаңа жабдық та жоқ. Сұйықтық тоқтап қалса, мұндай үңғыманы қайтадан көтеру өте қиын болады,
деп атап өтті экономист
Экономистің пікірінше, тек екі нұсқа бар. Біріншісі, Атасу-Алашанкөл құбырын іске қосу. Ол қазір жылына 12 млн тонна өңдейді, оның 10 млн тоннасы ресейлік мұнай.
Бір кездері Ресей Федерациясы арқылы арзан маршрутты таңдадық, ал Қытайға жеткізуге мұнай жетіспейтін. Енді елдің экономикалық қауіпсіздігіне қауіп төнгендіктен, Ресей Федерациясымен келісімшартты тоқтатып, кем дегенде 10 млн тонна сұйытықты Қытайға жіберген жөн. Қосымша компрессорларды іске қосып, құбырдың қуатын 20 млн тоннаға дейін жеткізуге болады,
деп түсіндірді Чуркин
Екіншісі, РФ-дан Қытайға тасымалдауды шектеу. Шикізатты шығысқа, Өзбекстан мен Қырғызстанның мұнай өндіру зауыттарына жеткізуді қолға алу.
Бұдан да күрделі шешімдер бар. Каспий теңізінде үш порт бар: Ақтау, Құрық және CatRo. Оларды іске қосып немесе жабдықтап Бакуге тасымалдауға болады. Түркияға дейінгі құбыр 50%- жұмыс істейді және 20 млн тоннаны көтеруге қауқарлы. Бакуде де қабылдау қуатын кеңейту керек. Немесе АҚШ-тан, Парсы шығанағына немесе Иран құрлығы арқылы Түркия теңізіне дейін жететін Қазақстан — Түрікменстан-Иран құбырын тұрғызуға қойылған санкцияларды алып тастауын сұрау керек. КҚК-мен осылай болғаны өкінішті. Консорциум өзін енді ақтап, акционерлерге, соның ішінде Ресей Федерациясына жақсы дивидендтер бере бастаған еді. Өкінішке орай, Новороссийск, «құрғақ» портқа айналуы мүмкін,
деп тұжырымдады экономист
Қазақстанға қаншалықты қауіпті? Салықтық шығындар мен инвесторлардың оптимизмі.
Қиын болса да, тығырықтан шығамыз. Екі-үш жыл ішінде үш жаңа бағыт пайда болады: шығыс, оңтүстік-батыс және оңтүстік. Болашақта Ираннан санкциялар алынып тасталуы мүмкін. Сол кезде шығанаққа дейін теміржол саламыз. Ресей Федерациясы ірі одақтастарына Хабаровск арқылы баруға мәжбүр болады,
деп қорытты Алмас Чукин.