15 тамыз 2023 16:11

Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: t.me/POLICE_of_KZ Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

15 тамызда Ақсу-Аюлы кентінен 50 шақырым қашықтықта орналасқан Алматы - Екатеринбург автожолында Chevrolet Cobalt және Volkswagen Passat көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

"Жол апаты салдарынан Volkswagen көлігінің 41 жастағы жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Сондай-ақ, 28 жастағы Chevrolet жүргізушісі және екі көліктің жеті жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді", - делінген хабарламада.

Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.68   490.7   4.99 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети