23 шілде 2023 09:19

Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Жетісу облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Үшарал-Достық автожолының 55 шақырымында болды. Онда Kia Soul мен Toyota Camry соқтығысқан.

Алдын ала болжам бойынша, 46 жастағы әйел Kia көлігін басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.

Салдарынан оқиға орнында Toyota-да болған үш жолаушысы көз жұмды. Екі көліктің жүргізушілері де, сондай-ақ үш жас бала түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.54   490.7   5.06 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети