Алтын ұрлығы: ІІМ 17 адамды ұстады

viewings icon 571 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры

ІІМ алтын ұрлау және заңсыз өндірумен айналысқан қылмыстық топтардың әрекетіне тосқауыл қою бойынша шаралар қабылдап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ІІМ алтын ұрлау және заңсыз өндірумен айналысқан қылмыстық топтардың әрекетіне тосқауыл қою бойынша шаралар қабылдап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл бірқатар өңірде құрамында алтыны бар материалды қайта өңдеу бойынша 19 заңсыз цех жойылып, ондаған тонна кен тәркіленді.

"Шілдеде Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері "Алтыналмас" АҚ "Ақбақай" комбинатының аумағынан құрамында алтыны бар кенді ұрлауға қатысы бар адамдарды ұстау бойынша жедел іс-шаралар өткізді. Іздеу іс-шараларының нәтижесінде Ақбақай, Мойынқұм, Бірлік кенттерінде 11 заңсыз ұсақтау цехы табылды", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Оның айтуынша, онда кен мен тастарды өңдеуге арналған арнайы жабдық, алтын, қаражат, сондай-ақ тоғыз атыс қаруы мен мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленген.

"Қаракөз" карьерінің аумағында заңсыз кен іздеушілердің екі бригадасы ұсталды. Заңсыз кен өндіріп, шахталарға кірген 17 адам. Олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, арнайы іс-шараларды өткізу кезінде "Ақбақай" комбинатының аумағынан құрамында алтыны бар 600 қаптан астам шикізатты ұрлау дерегі анықталды. Оған комбинаттың бұрынғы қызметкерлерінің қатысы болған. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Комбинаттың қауіпсіздік қызметімен бірге ұсталғандардың басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 510.16  course up  582.07  course up  6.45  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы
21°C Бүгін алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю