03 қазан 2022 11:56

Антикор қызметкерін қарумен қорқытқан полиция майоры қамауға алынды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкеріне қауіп төндірген полиция майоры қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкеріне қауіп төндірген полиция майоры қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде азаматтық киімдегі адам Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкеріне қатысты атыс қаруын қолданумен қорқытатын видео тараған.

"Алматы облысы бойынша cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қарасай ауданы Полиция басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық жауаптылықтан алшақтатқаны үшін 500 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алу (пара) дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері тінту жүргізген кезде полиция майоры заңды талаптарға бағынбай, атыс қаруын қолданамын деп қорқытқан", - делінген хабарламада.

Биыл 22 қыркүйекте осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 380-бабы ("Билік өкіліне қатысты қауіп") бойынша қылмыстық іс тіркелді. 29 қыркүйекте күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.

Тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.25   490.7   4.96 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети