Павлодарда төрт тұрғын топтасып қыз зорлағаны үшін сотталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Константин Шелков Фото: Константин Шелков

Павлодардың төрт тұрғыны топтасып қыз зорлағаны үшін сотталды. Олардың үшеуі кінәсін мойындамаған, біреуі жартылай мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Павлодардың төрт тұрғыны топтасып қыз зорлағаны үшін сотталды. Олардың үшеуі кінәсін мойындамаған, біреуі жартылай мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

№2 қалалық сотта алдын ала сөз байласу арқылы зорлау дерегі бойынша үкім шығарылды. Істің мән-жайы белгісіз, сот отырысы жабық түрде өтті. Сотта төрт айыпталушы болды: олардың екеуі 31 жаста, қалғаны 30 жаста.

Соттың баспасөз қызметі мәліметінше, прокурор айыпталушылардың бірін 11 жыл алты айға, екеуін 11 жылға, ал біреуін тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Жәбірленуші мен оның өкілі үш айыпталушыға ең ауыр жаза тағайындауды талап етті, олар төртіншісіне кешірім берген, ал ол болса өз кінәсін ішінара мойындаған.

Сот алдын ала сөз байласу арқылы топтасып зорлау тоғыз жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратынын еске салды. Сотталушылардың бірінің жазасын жеңілдететін мән-жай баланың болуы, екіншісі үшін кінәсін ішінара мойындау болды. Павлодарлықтардың қылмысты мас күйде жасағаны жазаны ауырлататын мән-жай деп танылған.

"Қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесін және сотталушылардың жеке басын ескере отырып, сот А.А.-ны тоғыз жыл бір айға, И.М., Г.Э. және М.Д.-ға тоғыз жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды", - деді №2 соттың баспасөз қызметі өкілдері.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 532.43  course up  623.14  course up  6.81  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro