Қостанай облысында өртпен күрес қалай жүргізіліп жатыр? Видеолар жарияланды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon 434

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

ТЖМ Қостанай облысы ормандарында өртсөндірушілер тілсіз жаумен қалай күресіп жатқанын көрсететін сурет, видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети 0

ТЖМ Қостанай облысы ормандарында өртсөндірушілер тілсіз жаумен қалай күресіп жатқанын көрсететін сурет, видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сағат 14.00-дегі ақпарат бойынша, М-36 республикалық тасжолы бойындағы 2 елді мекенде, сондай-ақ, орман аймағының 8 учаскесінде өрт сөндіру жұмыстары жүргізілген.

Өрт сөндіруге 159 техника, 5 әуе кемесі, 5 өрт сөндіру пойызы, жеке құрамнан 1332 адам жұмылдырылған.

Су шашу үшін тікұшақтарға 25 шақырым қашықтағы табиғи су қоймасынан су алынады. Өрт сөндіру басталғаннан бері 65 рет су шашу жұмыстары жүргізілген.

Оған қоса ТЖМ жедел желісі ашылған, сонымен қатар, ТЖМ мен Қостанай облысы ТЖД психологтары жұмыс істеп жатыр.

ТЖМ жедел желісіне 25 қоңырау келіп түскен. Қостанай облысы ТЖД 2 психологы Әулиекөл ауданында халыққа шұғыл психологиялық көмек көрсетіп жатыр.

Қостанай облысы әкімдігі төтенше жағдай жариялау мәселесін пысықтап жатыр.

Айта кетейік, 3 қыркүйекте 16.00-ден бастап Озерное ауылын (8 тұрғын үй, 1 әкімшілік ғимарат), Лесное (1 тұрғын үй), Аманқарағай (98 тұрғын үй және шаруашылық құрылыс) тұрғын үй құрылыстарын, Аманқарағай мұнай базасы аумағын өрт шарпыған еді. Нәтижесінде 108 нысан бүлінген.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша 4 қыркүйекте Қостанай облысының Әулиекөл ауданы аумағында 28 градусқа дейін жоғары температура сақталады, жел жылдамдығы секундына 9 метрге дейін жетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.7  course up  589.98  course up  6.39  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы
23°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю