"Тек әкіммен сөйлесуге келіскен". Ақтөбе облысында тұрғын мұнараға шығып, жұртты шошытты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Ақтөбе облысы ТЖД Фото: Ақтөбе облысы ТЖД

Ақтөбе облысында ауыл тұрғыны байланыс желісі мұнарасына шығып, өзіне қол жұмсаймын деп қорқытқан. Ол туыстарымен сөйлесуден бас тартып, тек ауыл әкімін тыңдауға келіскен, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".  

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысында ауыл тұрғыны байланыс желісі мұнарасына шығып, өзіне қол жұмсаймын деп қорқытқан. Ол туыстарымен сөйлесуден бас тартып, тек ауыл әкімін тыңдауға келіскен, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".  

Оқиға Қаратоғай ауылында болған. Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, 1 маусымда сағат 14:30-да Мәртөк аудандық өрт сөндіру бөлімі пультіне ер адам байланыс желісі мұнарасына шығып, өзіне қол жұмсаймын деп қорқытып жатқаны туралы хабарлама түскен. 

Оқиға орнына облыстық ТЖД қызметкерлері, құтқарушылары, дәрігерлер мен полицейлер барған. Сол жерде Қаратоғай ауылының тұрғыны 25 метрлік байланыс желісі мұнарасына шығып алып, өзіне қол жұмсаймын деп қорқытқаны белгілі болған.

"Ол әкесі, әйелі, қызы және қызметкерлермен сөйлесуден бас тартқан. Ол тек ауыл әкімі Руслан Байсағызовпен сөйлесуге келісті. Ол өз өмірін қатерге тігіп, жоғарыға жалғыз көтеріліп, құтқарушылар оған жақындауы үшін ер адамның назарын басқа жаққа аударған", - деп жазды өңірлік сайт тілшілері.

Сағат 17:17-де құтқарушылар ер адамға жақындап барып, оны темір құрылымға кісендеп үлгерген, кейін альпинистік құрал көмегімен оны түсіріп, учаскелік инспекторға тапсырған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 538.64  course up  632.63  course up  6.86  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro