12 шілде 2022 10:26

Ақтөбе облысында жүргізушілер ерекше "концертті" тамашалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook/Алексей Бородаенко © facebook/Алексей Бородаенко

Қобда тасжолында жүргізушілер ерекше "концертті" тамашалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" сайтына сілтеме жасап.


Қобда тасжолында жүргізушілер ерекше "концертті" тамашалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" сайтына сілтеме жасап.

Жол жұмысшысы жүргізушілерге билеп берген. Куәгерлер болса оны видеоға түсіріп алған.

"Жексенбіде балық аулап, қалаға қайтып келе жаттық. Маржанбұлақ маңында жол жөнделіп жатыр, көліктерді тек бір бағытта бағандармен өткізіп жатыр. Жөнделетін учаскенің басында белгілер бар, жол жұмысшысы қозғалысты реттеп тұр. Сағат 14.00 еді, күн ыстық болатын. Біз тоқтадық. Жұмысшы отырды, жатты, содан кейін билей бастады", - деді ролик авторы Алексей Бородаенко.

Куәгердің айтуынша, шоу 5-6 минутқа созылып, өтіп бара жатқан жүргізушілерге де ұнаған. Жұмысшы оларға қол бұлғап, ілтипат білдіреді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.41   490.7   5.04 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети