01 қыркүйек 2022 08:09

Алматыда полиция қызметкері дәретхана шұңқырынан алып шыққан бала жансақтау бөлімінде жатыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда полиция қызметкерлері аман алып қалған шақалақтың жағдайымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда полиция қызметкерлері аман алып қалған шақалақтың жағдайымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құтқарылған сәбиді көруге ауруханаға полиция қызметкерлері Нұржан Шатунов пен Ғазиз Хамасқалиев барып қайтты.

Дәрігерлер оның жағдайын бірқалыпты ауыр деп отыр.

"Әріптестерімізбен бірге сәбиді "Батыр" деп атап кеттік, оның өмірі үшін үздік дәрігерлердің күресіп жатқандығын білеміз. Оларға көп рақмет. Балақай қазір жансақтау бөлімінде жатыр, оған қажетті заттарды алып келдік. Сәбиге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз", - деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы Нұржан Шатунов.

Еске салайық, 25 тамызда Алматыда полицейлер дәретхана шұңқырынан жаңа туған нәрестені алып шыққан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.68   490.7   4.99 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети