"Директор, құрылтайшы ретінде тіркелген". Ақтөбедегі баспанасыздар орталығында заңбұзушылық анықталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Иллюстрациялық фото: ©Тұрар Қазанғапов Иллюстрациялық фото: ©Тұрар Қазанғапов

Ақтөбеде баспанасыз жүргендер 800 миллион теңге айналымы бар фирмалардың директорлары мен құрылтайшылары болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде баспанасыз жүргендер 800 миллион теңге айналымы бар фирмалардың директорлары мен құрылтайшылары болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы Алматы ауданының прокуратурасы өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметтендіру орталығында заңбұзушылықтарды анықтады. Орталықта тұратын 14 адам кәсіпкер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директоры және құрылтайшысы ретінде тіркелген.

"Сауалнама алынған "кәсіп иелері" бұған еш қатысы жоқтығын, олардың үшеуі 1 және 2-топтағы мүгедектер екенін көрсеткен. Сонымен қатар, 2021 жылдан 2022 жылдың сәуіріне дейін мұндай "бизнес" айналымы шамамен 800 миллион теңге болған", - деді Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша салық органдарына заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізіліп, материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Экономикалық тергеу департаментіне жолданған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 538.64  course up  632.63  course up  6.86  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro