20 сәуір 2023 14:58

Ескі Қазақстанда алкоголь нарығы Болат Назарбаевтың қарауында болды - депутат

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ақ жол" фракциясының мүшесі Ержан Бейсенбеков ескі Қазақстандағы алкоголь нарығы Болат Назарбаевтың қарауында болғанын, сондықтан бұл өнім түріне таңбалау талабы қойылмағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Ақ жол" фракциясының мүшесі Ержан Бейсенбеков ескі Қазақстандағы алкоголь нарығы Болат Назарбаевтың қарауында болғанын, сондықтан бұл өнім түріне таңбалау талабы қойылмағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстанда аяқ киімге және басқа да көптеген тауарларға таңбалау енгізілді. Бұл ретте үкімет көлеңкелі нарықтағы ең көп үлеске ие алкогольді таңбаламады. Себебі, ескі Қазақстандағы алкоголь нарығы Болат Назарбаевтың қарауында болғанын білесіздер. Бәлкім, қарапайым кәсіпкерлер қосымша ақы төлеп отырды, сондықтан оларға тиіспеді?", - деді Бейсенбеков премьер-Министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғаринге жолдаған сауалында.

Депутат цифрлық таңбалау көлеңкелі нарықты қысқартуға әсер етпейтінін және тауардың сапасын анықтайтын құрал емес екенін айтты. Оның үстіне оны енгізу тауар құнының орта есеппен 20 пайызға өсуіне әкелген.

"Кәсіпкерлер таңбалаудың нақты құны тауар бірлігіне 550-ден 3500 теңгеге дейін екенін айтады. Яғни, қымбат емес аяқ киім 20-30 пайызға қымбаттап, табысы аз тұтынушылардың жағдайын нашарлатады", - деді депутат Ежан Бейсенбеков.

Ол тауарларды міндетті түрде таңбалауды тоқтатуды талап етті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.25   490.7   4.96 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети