Жамбыл облысында жарқын жобалар жүзеге асуда

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясына облыс әкімінің орынбасары Ерболат Ибрайханов қатысып, осы жылы өңірде атқарылған энергетика, жол, құрылыс және цифрландыру саласында атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндады. Биыл аталған салаларда 249 жобаны жүзеге асыру үшін бюджеттен 88,8 миллиард теңге бөлініпті. Аталған жобалардың 136-сы осы жылы тапсырылуы тиіс болса, 113-і келер жылға өтпелі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясына облыс әкімінің орынбасары Ерболат Ибрайханов қатысып, осы жылы өңірде атқарылған энергетика, жол, құрылыс және цифрландыру саласында атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндады. Биыл аталған салаларда 249 жобаны жүзеге асыру үшін бюджеттен 88,8 миллиард теңге бөлініпті. Аталған жобалардың 136-сы осы жылы тапсырылуы тиіс болса, 113-і келер жылға өтпелі.

Сөз етілген жобалар аясындағы 146 нысанға қаржы «Нұрлы жер», 45-іне "Ауыл – Ел бесігі" 33-іне "Өңірлерді дамыту" бағдарламалары арқылы қаржы бөлінсе, 3 нысан құрылысына қаражат Үкімет резервінен алынды. Қалғаны білім беру субвенциялары есебінен қаржыландырылды.

Осы жылы 7,8 миллиард теңге қаржы бөлініп, 15 нысанда құрылыс жұмыстары аяқталды. 13 нысан 2023 жылға өтпелі. Денсаулық сақтау саласы бойынша, сметалық құны 63,3 миллиард теңгені құрайтын 27 нысанның (9-ы 2021 жылдан өтпелі) құрылысына биыл 33,3 миллиард теңге қаржы бөлініп, жыл соңында 20-ы тапсырылады.

Спорт саласында облыс бойынша 2,7 миллиард теңгеге 19 нысанның құрылысы жүріп жатса, (сметалық құны 6,9 миллиард теңге), нәтижесінде 8 спорттық сауықтыру кешені пайдалануға беріледі. 11 нысанның құрылысы келер жылы да жалғасады. Бүгінгі күнде Қордай ауданы Сарыбұлақ ауылындағы және Талас ауданы Ақкөл ауылындағы спорт кешендерінің құрылысы аяқталған.

Мәдениет саласы бойынша сметалық құны 3,5 миллиард теңгені құрайтын 12 нысанның құрылысына (1-і 2021 жылдан өтпелі) 1,7 миллиард теңге қаржы бөлініп, осы жылы 6 нысан бойынша құрылыс жұмыстары толығымен аяқталады. 6 нысаның құрылысы келер жылы да жүргізіледі. Бүгінгі күнде Шу ауданы Қонаев ауылындағы 180 орындық мәдениет үйінің құрылысы аяқталды.

"Өңірде әлеуметтік экономикалық көрсеткіштерді жақсарту үшін биыл құрылыс саласына 225,9 миллиард теңгеге инвестиция тарту межеленіп, құрылыс жұмыстарының көлемін 100,4 пайызға орындау белгіленген болатын.

Қаңтар-қараша айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 101,6 пайызға орындалды", – дейді Ерболат Мақсұтханұлы.

Е.Ибрайхановтың айтуынша, пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемін осы жылы 689 мың шаршыметрге орындау жоспарланған екен. Оның ішінде 28 пайызы бюджет қаражаты, 72 пайызы жеке инвестиция есебінен орындалып отыр екен.

Бүгінгі күнге облыс бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегінде 36 566 азамат тіркеуде тұр. Осы жылы құны 24,7 миллиард теңгеге 4 388 пәтерлі 68 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде 680 пәтерлі тұрғын үйдің 11-і арендалық, 3 648 пәтерлі 56 тұрғын үй кредиттік. Ал 60 пәтерлі 1 тұрғын үй пилоттық жоба бойынша салыныпты.

Жыл соңына дейін 2 740 пәтерлі 41 тұрғын үй пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бүгінде 1320 пәтерлі 19 үйдің құрылыс жұмыстары аяқталыпты.

Ағымдағы жылы "Асарлатып үй салу" жобасымен 121 жеке тұрғын үйдің құрылысы жоспарланса, оның ішінде 72-ісі жаңа құрылыс, 26-сы күрделі жөндеу, 23-і сатып алу есебінен жүзеге асқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Материал Жамбыл облысының әкімдігімен ұсынылған
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 538.64  course up  632.63  course up  6.86  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro