Жамбыл облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жер асты дүмпулерін сейсмикалық станциялар желісі 1 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 11:14-те тіркеген.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан батысқа қарай 308 шақырымда Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10,2, MPV магнитудасы - 5,3", - делінген хабарламада.
Меркі ауылының тұрғындары 2 балдық жер сілкінісін сезді.
ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. Мониторинг жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қолданушыларымызға ыңғайлы болуы үшін пікір авторларының орналасқан жерін автоматты түрде анықтау функциясын жасадық.
Введите свою почту и пароль
0:00