Жамбылда жаңа кітаптың тұсауы кесілді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаевтың төрағалығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаевтың төрағалығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Күн тәртібінде комиссияның және кіші жұмысшы топтардың 2022 жылы атқарған жұмыстары қаралды.

Алғашқы болып сөз алған облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары С. Мадиева кіші жұмысшы топтардың жүргізген зерделеу жұмыстары және негізгі бағыттары туралы айтып өтті.

Ш.Мұртаза атындағы "Руханият және тарихтану" орталығының директоры, Қазақстанның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы үшін жеке күрескен адамдардың, сондай-ақ осы идеялар үшін адамдардың саяси баяндамаларына қатысушылардың (адамдар тобының), қоғамдық және саяси ұйымдардың, сондай-ақ қызметтік, ғылыми, мәдени және басқа салалардағы идеялар үшін мемлекеттік қудалауға және қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың толық құқықтық және саяси ақталуына арналған пікірлер мен ұсыныстарды дайындау жөніндегі кіші жұмысшы топтың жетекшісі С. Қалиевтың өз баяндамасында Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Президенті архивінің қорларымен жұмыс жүргізгендігі туралы баяндады. Соның Нәтижесінде 1929-1932 жылдар аралығында болған Қордай көтерілісіне қатысқан 78 адамның, Сарысу ауданында орын алған көтеріліске қатысқан 28 адамның есімі мен деректері анықталған.

Сонымен қатар, кіші жұмысшы топтардың жетекшілері мен мүшелері К. Сәттібайұлы, А. Қартабаева, С. Бақторазов өз бағыттары бойынша баяндама жасады.

Жиын соңында "Жамбыл өңірі: саяси қуғын-сүргін жылдарында" атты жинақтың және "Әулеиата өңіріндегі кәмпескелеу және ұжымдастыру науқандары кезіндегі дүрбелең" атты монографияның тұсаукесер рәсімі өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Материал Жамбыл облысының әкімдігімен ұсынылған
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 508.54  course up  582  course up  6.44  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro