12 сәуір 2023 14:07

Қазақстанда ТikTok-қа тыйым салу ұсынылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаты Аманжол Алтай кәмелетке толмағандардың TikTok желісін пайдалануға тыйым салуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс депутаты Аманжол Алтай кәмелетке толмағандардың TikTok желісін пайдалануға тыйым салуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілісмен осы сауалды көтеріп вице-премьер Алтай Көлгіновке депутаттық сауал жолдады.

Депутат өз сөзінде соңғы кездері жасөспірімдер арасында жантүршігерлік оқиғалардың жиілеп кетуі бала тәрбиесінің мектепте, отбасында және қазіргі қоғамда әлі де болса шешімін таппай келе жатқанын айғақтайтынын атап өтті.

"Түркістандағы мектеп оқушысының өлімі, Қазалыда оқушыны тепкілеген жасөспірімдердің әдепсіз әрекеті, Өскеменде қызды ауыр соққыға жығу оқиғалары менің бүгінгі уайымым", - деді депутат.

Мәжілісмен Ішкі істер министрлігінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру қағидаттарын қайта қарауды, сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігіне мектептердегі мұғалімдердің академиялық білімін ғана емес, балаларға берілетін білім деңгейін, балалармен қарым-қатынасын бағалау тетіктерін енгізуді ұсынды.

"Әлеуметтік мұғалім, сынып жетекшісі іс-шараларды ұйымдастыру принциптерін қайта қарауы керек. Қазақстанда балаларға шексіз қызмет көрсететін TikTok әлеуметтік желісін кәмелетке толмағандар арасында пайдалануға тыйым салу керек", - деп түйіндеді сөзін Аманжол Алтай.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.25   490.7   4.96 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети