Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақыны атады. 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 99 921 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақыны атады. 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 99 921 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 2021 жылдың қаңтар-шілдесінде республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 478, 9 миллиард теңгеден аса қаржы, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне 1 083 миллиард теңге бөлінген.

2021 жылдың шілдесінде республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 222,2 миллиард теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге - 68,1 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге - 154,1миллиард теңге бөлінген.

2021 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны - 2 миллион 238 мың адам.

Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақыны қосқанда) 2021 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 99 921 теңге болды.

Еске салайық, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әр алушыға оның зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, жеке тағайындалады.

Бұл ретте зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ) төленген кезеңдер қосылады.

Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық салынатын болса, зейнетақы жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.

Өз кезегінде, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңде алынған орташа айлық табысқа байланысты болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 504.72  course up  546.79  course up  5.9  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro