17 қазан 2023 15:46

Қызылорда облысындағы бизнес форум: Нұрлан имам жастармен, Ләйлә Сұлтанқызы әйелдермен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

14-16 қазан аралығында аймағымызға "Арманда" білім беру бизнес форумын өткізу үшін делегация келді.


14-16 қазан аралығында аймағымызға "Арманда" білім беру бизнес форумын өткізу үшін делегация келді.

  • Атап айтқанда, Арман Елубайұлы Давлетяров – іс-шараның бастамашысы, тікелей ұйымдастырушы, психология ғылымдарының кандидаты, медиаменеджер және қоғам қайраткері;
  • Ләйлә Сұлтанқызы - қоғамдағы әйелдің рөлі, гендерлік теңдік, отбасы құндылығы тақырыбын көтеріп жүрген қоғам белсендісі, журналист;
  • Нұрлан Байжігітұлы Асанов (Нұрлан имам) - отбасы мен руханиятты қатар алып, қазақтың салт-дәстүрі мен дінді ұштастыра білген белгілі теолог, психолог, Ырыскелді қажы атындағы мешіттің Бас имамы;
  • Жандарбек Бұлғақов – айтыскер, ақын, халықаралық ақындар айтысының Бас жүлдегері.

Форумның негізгі мақсаты – іскер азаматтарды спикер ретінде тарту, қоғам қайраткерлерін, медиа-бизнес өкілдерін және мыңдаған кәсіпкерлер мен Қазақстанның қарапайым тұрғындарын үлкен қайырымдылық миссиясына біріктіру. Қайырымдылық форумы аясында спикерлер іс-шара қонақтарымен өз білімдері мен тәжірибелерімен бөліседі.

Аталған жоба аясында форумның спикерлері өңірлердегі балалар мен қарттар үйлерін және тағы басқа әлеуметтік мекемелерді аралап, студенттер мен аз қамтылған отбасылармен кездесіп, игі іс жасауға атсалысады.

Сондай-ақ, Форумды өткізу еліміздің әрбір тұрғынының өмірін жақсартуға бағытталған қоғамның ең өзекті мәселелерін талқылау алаңы ретінде танытуға қуатты серпін береді. Қаланың көрікті және маңызды жерлерін аралау спикерлерге өзінің миллиондаған аудиториясын әлеуметтік желілер арқылы әр қаланың тарихы мен мәдениетімен таныстыруға мүмкіндік береді, бұл ішкі және халықарарлық туризмге деген қызығушылықты арттыруға көмектеседі. Спикерлердің жалпы аудиториясы 10 миллионға жуық адамды құрайды.

Іссапар бағдарламасына сәйкес, 15 қазанда Н. Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық музыкалық драма театрында "Арманда" білім беру бизнес форумы өтті. Форум қаламыздың тұрғындарына тегін өткізілді.

Спикерлер бекітілген тақырыпқа сай ойларын ортаға салып, тұрғындарың сұрақтарына жауап берді.

Шара басталмас бұрын делегация мүшелері БАҚ өкілдеріне арнап көшпелі баспасөз конференциясын өткізді. Баспасөз конференциясында спикерлер форумның мақсатын түсіндіріп, журналистер сұрағына жауап берді.
Түстен кейін спикерлер екіге бөлініп, түрлі контингентпен еркін кездесулер өткізді.

Атап айтқанда, Арман Давлетяров пен Нұрлан имам облыстық жастар орталығында жастармен кездессе, Ләйлә Сұлтанқызы Ана мен бала орталығында және "Анаға тағзым" орталығында әйелдер және аналармен кездесті.
Келесі күні делегация мүшелері облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қабылдауында болып, одан әрі "Қамқорлық" балаларды оңалту орталығымен, облыстық тарихи-өлкетану музейімен және Отбасы орталығымен танысты.

Сонымен қатар, Нұрлан имам облыстық әкелер кеңесінің отырысына қатысып, кеңес мүшелерімен пікір алмасты.

Жалпы, Қызылорда облысынан бастау алған форум, жыл соңына дейін республикамыздың барлық облыстарында өтетін болады.

Қызылорда облысының Қоғамдық даму басқармасы ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.09   490.7   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети