09 қазан 2023 11:01

ШҚО-да Chia Tai-Tianqing Pharmaceutical қаржы пирамидасының ісі тергеліп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Chia Tai - Tianqing Pharmaceutical қаржы пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Chia Tai - Tianqing Pharmaceutical қаржы пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Фирманы ұйымдастырушылар 2022 жылдың қазанынан 2023 жылдың сәуіріне дейін Telegram мессенджері арқылы жалған фармацевтикалық компания болып танылып, салымшылардан заңсыз ақша алған.

"Қаржы пирамидасына Шығыс Қазақстан облысы бойынша 234 азамат 350 миллион теңгеден аса қаражат салған. Іс бойынша қаржылық пирамиданың құрылымдық бөлімшесінің басшысына соттың санкциясымен "Қамақта ұстау" бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер тергеу мүддесі аясында жарияланбайды.

"Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастыратынын ескертеміз. Егер сіз және сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының әрекетінен зардап шексе, тұрғылықты жеріңіз бойынша ЭТТД хабарласуыңызды сұраймыз", - деді ҚМА өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.25   490.7   4.96 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети