29 сәуір 2024 08:03

50-ден астам қостанайлық оқушыны баянауылдық "Жас Дәурен" қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар өңірі су тасқыны салдарынан зардап шеккен отбасылардың балаларын жылы қарсы алды. Қостанай облысының 51 оқушысы Баянауыл ауылындағы "Жас Дәурен" оқу-сауықтыру орталығына жіберілді. Сондай-ақ, орталықтағы "Күшіміз бірлікте!" лагерь ауысымында отбасылары су тасқынынан зардап шеккен облыстың Ертіс ауданынан 6 бала және Успен ауданынан 2 бала бар.

Ауысым 10-30 сәуірге дейін болды. Мұнда балалар тек білім алып қана қоймай, демалды: орталықта 12 шығармашылық академиясы мен 3 спорт үйірмесі жұмыс істейді. Балаларға Қ. И. Сәтбаев атындағы Баянауыл мемориалдық мұражайына, Қоңыр әулиеге, С. Торайғыров мұражайына, Ақсан ауылындағы Баянауыл ұлттық саябағының тәлімбағына қызықты экскурсиялар ұйымдастырылды. Мәшһүр Жүсіп кесенесіне де барды.

Ал, достық пен бірліктің нағыз символы ретінде "Баянауыл - Қостанай" аллеясы құрылды.

"Таза Қазақстан" акциясы аясында балалар жас қарағайларды бірге отырғызды.

Орталықтағы оқушыларға "Meirimdi qala" қайырымдылық қоры да өз көмегін көрсетіп, балаларды жаңа спорттық киімдермен және аяқ киімдермен қуантты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Павлодар облысы әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.24   490.7   5.04 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети