06 қаңтар 2024 15:35

Бүгін - танымал медиаменеджер, марқұм Батыр Қазыбаевтың туған күні

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін - танымал медиаменеджер, Қазақстандағы ірі сайттардың негізін қалаған, қазақ журналистикасында өміршең із қалдырған тұлға Батыр Қазыбаевтың туған күні. Ол бүгін 55 жасқа толар еді.


Бүгін - танымал медиаменеджер, Қазақстандағы ірі сайттардың негізін қалаған, қазақ журналистикасында өміршең із қалдырған тұлға Батыр Қазыбаевтың туған күні. Ол бүгін 55 жасқа толар еді.

Батыр Қазыбаев - журналист әрі жазушы, көп жыл бойы облыстық және республикалық газеттердің редакцияларында басшылық лауазымдарда қызмет атқарған, Қазақстан Компартиясы ОК хатшысы болған Кәкімжан Қазыбаевтың ұлы. Ол әкесінің жолын қуып, журналистиканы таңдап, табысты медиаменеджер болды.

Батыр Қазыбаев 10 жылдан аса уақыт құрамына Tengrinews.kz, Vesti.kz, Massaget.kz ақпараттық порталдары кіретін медиахолдингті, Ретро FM Қазақстан, Жұлдыз FM радиостанциясы, СТВ телеарнасын басқарды. Сонымен қатар, "Жетінші арнаның" негізін қалады.

Батыр Қазыбаевты медиасфераға жол салған тұлға деп атауға болады. Ол әрқашан жаңа идеяларға құмар еді, бірінші болудан және тәуекелге барудан қорықпады. Осылайша, 2010 жылы Tengrinews жаңалықтар порталы пайда болды.

"Телеарна мен баспасөзге бәсекелес веб-сайт құру туралы шешім тәуекел еді, бірақ интернет-ресурстар өсетіні түсінікті болды. Бұл қазір өзіміз көріп отырған факт, бірақ 2010-да көп адам күмәнмен қарады. Екінші себеп - Қазақстанның ақпарат кеңістігі шетелдік ресурстарға толы болды. Бұл намысқа тиетін. Мен өзіміздікі болғанын, жаңалықтар Қазақстан тарапынан берілгенін қаладым", - деген еді ол жоба туралы.

Сондай-ақ, Батыр Қазыбаев Қазақстандағы алғашқы Tengri FM рок-радиостанциясын, ал кейінірек елдегі алғашқы қазақ тіліндегі Жұлдыз FM толқынын құрды. Ол негізін қалаған The Spirit of Tengri этникалық музыка фестивалі Алматының визит картасына айналып қана қоймай, үлкен мәдени жобаға айналды.

Батыр Қазыбаевтың бастамасымен 2014 жылы "Жеңімпаздар" жобасы іске қосылды, ол — қазақстандық ҰОС ардагерлері туралы база.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.9   490.7   5.04 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети