ТүркПА парламенттер басшылары "Жасыл күн тәртібін" талқылады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Әзербайжан астанасында түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) ХІІІ пленарлық отырысы және Ассамблея Кеңесінің отырысы өтті. Іс-шараларға Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Қазақстан Парламентінің делегациясы қатысты.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Әзербайжан астанасында түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) ХІІІ пленарлық отырысы және Ассамблея Кеңесінің отырысы өтті. Іс-шараларға Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Қазақстан Парламентінің делегациясы қатысты.

Түркі мемлекеттері парламенттері басшыларының бүгінгі кездесуі "Түркі Әлемі алдындағы жасыл көкжиектер: жасыл күн тәртібіне қол жеткізудегі парламенттердің рөлі" тақырыбына арналды.

Сапар Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің парламенттер делегацияларының басшыларымен кездесуінен басталды. Әзербайжан басшысы түркі мемлекеттерінің табысты интеграциясындағы заң шығарушы органдардың рөлін атап өтті. Мәжіліс спикері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемі мен жылы лебізін жеткізді.

"Бүгінде Қазақстан мен Әзербайжан байланысы үлгі боларлық деңгейде. Қасым-Жомарт Кемелұлы мен Сіздің араларыңыздағы тығыз сенімді диалог–біздің табысты ынтымақтастығымыздың кепілі. Қазақстан мен Әзербайжан парламенттері де осындай сенім мен ынтымақтастық рухында жұмыс істеп жатыр деп сеніммен айта аламын", – деді Ерлан Қошанов.

ТүркПА Кеңесінің отырысында Ұйымға төрағалық етуді Әзербайжан Республикасының Милли Мәжілісі қабылдады.

Жиында Мәжіліс спикері жасыл энергетикаға көшу және көміртегі бейтараптығы Ұйымға қатысушы елдер үшін климаттық күн тәртібіндегі ортақ мақсат екенін атап өтті.

"Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұған ерекше көңіл бөліп отыр. Қазақстан климат бойынша халықаралық шарттар міндеттемелеріне қол жеткізуге бағытталған жұмысты жүргізуде. Мәселен, былтыр 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы бекітілді. Су және Салық кодекстері әзірленуде. Онда "Жасыл күн тәртібі" ескерілуде. Парламент бұл жұмысқа толығымен атсалысуда", – деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс төрағасы "Жасыл Қазақстан" ұлттық бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат беріп, климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі Әзербайжанның бастамаларына қолдау білдірді.

Мәжіліс спикері жасыл экономика тауарлары мен қызметтерінің стандарттарына ортақ көзқарас қалыптастыру қажеттігіне назар аударды.

Ассамблеяның XIII отырысы алаңында негізгі сессиядан бөлек депутаттардың қатысуымен парламентші әйелдердің, жастар тобының, сондай-ақ ТүркПА аясындағы Парламент аппараттары басшыларының кездесулері өтті.

ТүркПА-ның XIII пленарлық отырысының қорытындысы бойынша қатысушылар Баку декларациясын қабылдады.

Отырыс күні спикерлер Әзербайжан ұлтының көшбасшысы Гейдар Әлиевтің рухына тағзым етіп, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro