Жер-жаһан 12 қыркүйек 2021 10:35

Туристер үшін Еуропадағы ең қымбат қалалардың рейтингі жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Цюрих, Швейцария. Фото: pixabay.com Цюрих, Швейцария. Фото: pixabay.com

Еуропада тұру үшін ең қымбат қала Цюрих болды. Британиялық Сheaprooms брондау порталының жақында жүргізген зерттеуі Еуропаның ең қымбат қалаларын анықтады. Мамандар қалалардағы тұру бағасын салыстырды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Әдетте Еуропада қыркүйекте қонақүйде тәулігіне тұру бағасы қымбаттайды. Сондықтан зерттеушілер 2021 жылдың қыркүйегіндегі Еуропаның 40 қаласындағы бағаларды қарастырды. Зерттеуге қала орталығында орналасқан 3*, 4* және 5 жұлдызды қонақүйлер ғана кірді.

Жұлдыздық индикаторға, орталыққа жақын болуы және бір төсек орналасқан бөлмеде тәулігіне тұру бағасына сүйене отырып, қыркүйектегі еуропалық 40 қаланың рейтингі мынадай:

Цюрих, Швейцария - 67 000 теңге.
Гамбург, Германия - 56 000 теңге.
Милан, Италия - 54 500 теңге.
Рейкьявик, Исландия - 53 800 теңге
Копенгаген, Дания - 49 000 теңге.
Бордо, Франция - 48 500 теңге.
Амстердам, Нидерланды - 46 500 теңге.
Париж, Франция – 46 000 теңге.
Лондон, Ұлыбритания - 45 500 теңге.
Хельсинки, Финляндия - 45 500 теңге.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!