Менің елім 07 ақпан 2024 14:37

Ақтөбеде қарлы боран кесірінен ұшақтар әуежайға қона алмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлия Молдағұлова атындағы әуежайдың баспасөз қызметі Әлия Молдағұлова атындағы әуежайдың баспасөз қызметі

Ақтөбе әуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысты қанша рейс кешіккені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақтөбе әуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысты қанша рейс кешіккені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Әлия Молдағұлова атындағы әуежайдан 10 рейс ұшып шығуға және қонуға тиіс болған.

"Қазір Ақтөбе әуежайында келесі әуекомпаниялардың 4 рейсі кешіктірілуде: FlyArystan КС7191/7192 "Алматы-Ақтөбе-Алматы", Qazaq Air IQ399/395 "Астана-Ақтөбе-Атырау", SCAT DV727/728 "Астана-Ақтөбе-Астана", Qazaq Air IQ396/400 "Атырау-Ақтөбе-Астана". Әуежайдағы жағымсыз жағдайға Ақтөбедегі метеожағдай себеп болды", - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Сонымен қатар әуежайдың баспасөз қызметі жолаушылардан анықтама бюросына немесе әуекомпаниялардың call-орталықтарына хабарласып, жаңартылған ақпаратты нақтылауды сұрады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!