Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин Сербиядағы әлем чемпионатын қорытындылады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Әлем біріншілігінде Қазақстан командасы үш алтын, екі күміс және бір қола жеңіп алды.
"Команда өте жақсы өнер көрсетті. Назым – үш дүркін әлем чемпионы. Балқыбекова мен Әбікеева алғаш рет әлем чемпионатының алтын медаль иегерлері атанды. Өкінішке қарай, екі финалда жеңіліс таптық. Алдағы күндері қателікпен жұмыс жасаймыз.
Біз бұдан да мықты боламыз. Қазір біздің құрам өте мықты. Жас буын өсіп келе жатыр. Біз тек көшбасшыларды ғана емес, екінші, үшінші, төртінші нөмірлі боксшыларды да шыңдаймыз.
Болашақта ең мықты құрамалардың бірі болатынымызға сенемін. Алда бізді үлкен жұмыс пен тығыз жарыс кестесі күтіп тұр," – деп береді Елдос Сайдалиннің сөзін Olympic.kz.
Жарнама