Бокс
18 наурыз 09:28
 

Қазақ боксшы Ресей құрамасының ӘЧ-дегі жоспарын бұзған

  Пікірлер

blog.share

Қазақ боксшы Ресей құрамасының ӘЧ-дегі жоспарын бұзған ©instagram.com/qaz_team_official

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Ресей құрамасының 2025 жылғы әлем чемпионатындағы жүлде санына қойған жоспарын бұзды, деп хабарлайды Vesti.kz.  

blog.share

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Ресей құрамасының 2025 жылғы әлем чемпионатындағы жүлде санына қойған жоспарын бұзды, деп хабарлайды Vesti.kz.  

Ресей финалға шыққан боксшыларының бәрінен алтын күткен

Мұның алдында Ресей бокс федерациясының бас хатшысы Александр Беспутин финалға шыққан ресейлік боксшылардың бәрі алтын алатынына сенімді болған. Финалға Ресейдің бес боксшысы жеткен еді. Қазақстан құрамасынан да осынша финалист болды. Ақтық айқастар қортындысы бойынша Ресейдің төрт боксшысы алтын алды да, Юлия Чумгалакова 48 келіде Назым Қызайбайдан жеңіліп қалды. 

Алайда Беспутиннің айтқанындай, жалпы командалық есепте Ресей бірінші және Қазақстан екінші болды. 

Ресей құрамасынан алтынды Нуне Асатрян (60 кг), Елена Гапешина (70 кг), Анастасия Шамонова (75 кг) және ресейлік қазақ қызы Салтанат Меденова (81 кг) иеленді.

Ал Қазақстан командасынан Назым Қызайбай (48 кг), Алуа Балқыбекова (50 кг) және Аида Әбікеева (63 кг) алтын алды, Виктория Графеева (60 кг), Елдана Тәліпова (+81 кг) күміс және Наталья Богданова (70 кг) қола жүлдегер атанды.

Жалпы командалық есептегі топ-5 тізім:

Ресей – 4 алтын, 1 күміс, 2 қола;

Қазақстан – 3 алтын, 2 күміс, 1 қола;

Түркия – 1 алтын, 3 күміс, 2 қола;

Қытай – 1 алтын, 1 күміс, 3 қола;

Сербия – 1 алтын, 5 қола.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!