Бокс
19 наурыз 14:43
 
204

Қазақстан Назым Қызайбайды ӘЧ алтыны үшін қалай марапаттайтыны айтылды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан Назым Қызайбайды ӘЧ алтыны үшін қалай марапаттайтыны айтылды ©Kazakhstan Boxing Federation

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Сербияда өткен әлем чемпионатындағы жеңісі үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды. Оны Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ғана емес, Қазақстанда да марапаттайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Сербияда өткен әлем чемпионатындағы жеңісі үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды. Оны Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ғана емес, Қазақстанда да марапаттайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстанда берілетін сыйақы

Қазақстан биылғы әлем біріншілігінде алты жүлде жеңіп алды: үш алтын, екі күміс және бір қола. Енді спортшыларға келесідей төлем жасалады:

Алтын - 15 000 доллар;

Күміс - 7 000 доллар;

Қола - 5 000 доллар.

IBA сыйақысы

Халықаралық бокс қауымдастығы тек жеңімпаздар мен жүлдегерлерді ғана емес, ширек финалға жеткен боксшыларды да ақшалай марапаттайды:

Алтын - 100 000 доллар;

Күміс - 50 000 доллар;

Қола - 25 000 доллар;

Ширек финал үшін - 10 000 доллар.

Осылайша, Назым Қызайбайдың әлем чемпионатының алтыны үшін жалпы гонорары 115 000 доллар (57,2 миллион теңгедей) болады. Сонымен бірге, Алуа Балқыбекова мен Аида Әбікеева да осынша алады. 

Назымның бірегей жетістігі

Назым Қызайбай Қазақстанның бокс тарихында - әйелдер мен ерлер арасында да - үш дүркін әлем чемпионы (2014, 2016, 2025) атанған алғашқы боксшы. Сонымен қатар, ол Азия чемпионы және Олимпиада жүлдегері. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!