Қазақстандық кәсіпқой боксшы Армат Арманұлы (3-1-0, 2KO) Алматыда өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Отандасымыз 11 шілде күні Алматыда өтетін бокс кешінде ирандық Сажжад Касемзаде Поштиримен (3-1-1, 3KO) жұдырықтасады.
30 жастағы ирандық боксшы соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың сәуір айында өткізіп, техникалық нокаутпен жеңіске жеткен. Оның 3 жеңісі де нокаутпен аяқталған.
RD промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен өтетін орта салмақтағы жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы бокс кешіне Саматәлі Төлтаев та қатысатыны жайлы хабарлаған едік.
Жарнама