Бокс
27 маусым 12:01
 
82

Қазақстандық "нокаут патшасы" WBO рейтингінде бір саты жоғарылады

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық "нокаут патшасы" WBO рейтингінде бір саты жоғарылады ©Турар Казангапов, Vesti.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбек (20-0, 13 КО) WBO рейтингінде бір саты жоғарылады, - деп хабарлайды Vesti.kz. 

blog.share

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбек (20-0, 13 КО) WBO рейтингінде бір саты жоғарылады, - деп хабарлайды Vesti.kz. 

WBO (Дүниежүзілік бокс ұйымы) нұсқасы бойынша екінші жеңіл салмақтағы рейтингте ол 15-орыннан 14-орынға көтерілді. Бұл салмақта чемпиондық белбеу мексикалық Эмануэль Наваррете еншісінде. 

Рейтингте үздік үштікке Чарли Суарес (Филиппин), Кеничи Огава (Жапония) және Марк Марсайо (Филиппин) енген. 

Айта кетейік, Сұлтан Зауырбек 5 сәуір күні Астанада өткен бокс кешінде оңтүстік африкалық Азинга Фузилені (18-3, 12 КО) жеңіп, IBF Inter-Continental белдігін жеңіп алған болатын. Осы жеңіс оның халықаралық аренадағы рейтингтік көрсеткіштеріне оң әсерін тигізіп, чемпиондық жекпе-жекке бір қадам жақындатты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!