Қазақстандық шахатшы қыз Бибісара Асаубаева өзінің әлеуметтік желілерінде қуанышты жаңалығымен бөлісті – оны әлемнің ең мықты шахматшылары қатысатын жабық элиталық фристайл-шахмат турниріне қатысуға шақырды, – деп хабарлайды Vesti.kz.
Турнирге қатысатындардың қатарында – Магнус Карлсен, Фабиано Каруана, Хикару Накамура және қазіргі шахмат әлемінің өзге де танымал ойыншылары бар.
«Мен бар болғаны 21 жастамын, ал мені ерлер арасында шахмат гроссмейстерлерінің өзі қатысуды армандайтын турнирге шақырды. Әлі де бұл шақыртуға сенгім келмейді – түс сияқты!» – деп жазды Бибісара.
Асаубаеваның мұндай мәртебелі турнирге шақырылуы 2025 жылғы мамырда Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен Sharjah Masters халықаралық супертурниріндегі сенсациялық ойынының арқасында мүмкін болды. Бұл жарыста ол өзінің үшінші, соңғы гроссмейстерлік нормасын орындап, алғаш рет 2500 рейтингтік межеден асып өтті – бұл гроссмейстер атағына қажетті негізгі шарттардың бірі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Осылайша Бибісара шахматтағы ең жоғары атаққа бір қадам жақындап, ерлермен тең дәрежеде бұл белесті бағындырған санаулы әйелдердің қатарына енді.
Жарнама