38 жастағы ағылшындық шабуылшы Джейми Вардиге Испанияның төрт бірдей командасы қызығушылық танытып отыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Еркін агент ретінде жүрген шабуылшыны "Севилья", "Валенсия", "Вильярреал" және "Бетис" клубтары қатарына қосқысы келеді.
Сонымен қатар Вардиге АҚШ-тың "Сан-Диего" және "Ди Си Юнайтед" клубтары да қызығушылық танытып отыр. Ал Англияда "Лидс" пен "Вулвэрхэмптон" көз тіккен.
Өткен маусымда Варди "Лестер" сапында барлық турнирде 36 матч өткізіп, 10 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген. Ол 2012 жылдан бері "түлкілер" сапында ойнап, жуырда ғана командадан кетті.
Жарнама