28 маусым күні, ертең қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов Гамбургте грузин Бено Адамиимен (12-8) шайқасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бүгін спортшылар ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Қазақстандық спортшы норманы орындап, 56,7 келімен Oktagon лигасында титулдық жекпе-жекке шығуға мүмкіндік алды.
Ал Бено Адамиидің (12-8) салмағы 57,6 келіні тартты. 1 келі артық салмақпен шығады. Сол үшін грузин спортшысы Жалғасқа гонорарының бір бөлігін береді. Әрі ол үшін бұл чемпиондық жекпе-жек саналмайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, Oktagon Еуропадағы үздік лигалардың бірі.
Жарнама