Теннис
20 маусым 03:04
 
52

Қазақстандық теннисші әлемнің нөмірі бірінші ракеткасын жеңді

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық теннисші әлемнің нөмірі бірінші ракеткасын жеңді ©

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик (№45) кәсіби мансабындағы ең үлкен жеңісіне қол жеткізді. Германияның Галле қаласында өтіп жатқан АТР 500 турнирінің екінші кезеңінде ол әлемдік рейтингтің көшбасшысы, италиялық Янник Синнерді (№1) жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Александр Бублик пен Янник Синнер арасындағы ойын 2 сағат 4 минутқа созылды. Ерекше мінез танытып, бар күш-жігерін салған қазақстандық теннисші 3:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
Публикация от ATP Tour (@atptour)

Теннисшілер арасындағы жеке кездесулердің есебі 4:2 болып тұр — әзірге Янник алда. Алайда Бублик "Ролан Гаррос" турнирінің ширек финалындағы соңғы жеңілісі үшін италиялықтан есесін қайтарды. Сонымен қатар, Александр әлемнің бірінші ракеткасын алғаш рет жеңіп отыр.

Айта кетейік, 2023 жылы Бублик Галледе өткен турнирдің чемпионы атанған болатын. 

Ширек финалда қазақстандық теннисші Чехия өкілі Томаш Махачпен (№23) кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!