Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда бір аптада 13 804 адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыда бір аптада 13 804 адам ЖРВИ жұқтырған, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2023 14:10 Сурет: akorda.kz
Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда ЖРВИ жұқтырудың маусымдық өсуі байқалады. Әсел Қалықованың айтуынша, өткен аптада ЖРВИ жұқтырудың 13 804 оқиғасы тіркелген. Қалада 8860 бала ауырып жатыр, бұл жалпы науқастанғандардың 64,2%-ын құрайды. Жалпы эпидемиологиялық маусымда Алматыда барлығы 343 417 ЖРВИ жағдайы тіркелді.

"Жүргізілген зертханалық мониторинг барысында Алматыда маусымдық тұмау вирусының үш түрі, оның ішінде екі түрі А (A/H3N2, A/H1N1 pdm09) және В типі айналымда екені анықталды. Тұмау жұқтырып, онымен ауырғандар 2022 жылы қазан айының басында тіркелген. Сонымен қатар, РС вирусы, риновирус, бокавирус және маусымдық коронавирус сияқты тұмауға жатпайтын басқа да ЖРВИ вирустары айналымда бар", – дейді Әсел Қалықова.

Тұмаудың барлығы 240 жағдайы тіркелді, оның ішінде В типінің 119 түрі (49,6%), А/Н3N2 түрі – 3 жағдай (1,2%), А/H1N1-09 түрі – 118 жағдай (49,2%). (2021-2022 жылғы соңғы эпидемиологиялық маусымында А/H3N2 типті тұмаудың барлығы 51 жағдайы тіркелді).

Эпидемиологтың айтуынша, тұмаудың алдын алудың ең тиімді әдісі – дер кезінде вауцинациядан өту. Тұмау вирусы жыл сайын мутацияға ұшырап жатыр. Сондықтан тұмауға қарсы вакцинаны жыл сайын эпидемияға дейінгі маусымда (қазан-қараша) тек сол жылы өндірілген вакцинамен бірге алу керек.

Вакцинациядан кейін иммунитет 14 күннен кейін қалыптасады және маусым бойы сақталады (1 жылға дейін). Қауіпсіз және тиімді вакциналар қолжетімді және 60 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді. Вакцинация салдырғандар арасында тұмау жұқтыру жағдайлары тіркелмеген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: