Жаңалықтар тізбегі
0

4 көлік соқтығысқан: Түркістан облысында сиырдың жолға шығып кетуінен ЖКО болды

4 көлік соқтығысқан: Түркістан облысында сиырдың жолға шығып кетуінен ЖКО болды , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2023 16:18 Сурет: ҚР ІІМ
Түркістан облысы Сауран ауданындағы Шымкент – Самара тас жолында 19 қыркүйек күні сағат 21:30 шамасында жол-көлік оқиғасы орын алды.

Оқиға орнына тез арада Сауран аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметкерлері шықты. Тексеру кезінде Toyota Estima 7 орындық автокөлік жолға шығып кеткен сиырмен соқтығысқаны анықталды.

Осыдан кейін көмек көрсету үшін оның жанына Audi автокөлігі тоқтаған. Осы сәтте олардың соңынан келе жатқан Нуundaі Santa fe және Xonda Elysion көліктері соқтығысады.

Адам шығыны жоқ, тек автокөліктерге материалдық шығын келген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Estima жүргізушісі мен жолаушыларға жергілікті жерде медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді.

Қазіргі уақытта жауапкершілікке тарту үшін мал иесін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: