15 жыл мемлекетаралық іздеуде жүрген қазақстандық Жетісу облысынан табылды

Астана. 5 мамыр. ҚазТАГ – 15 жыл мемлекетаралық іздеуде жүрген қазақстандық Жетісу облысынан табылды, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Жетісу облысы Полиция департаментінің жедел уәкілдері Көксу ауданында 51 жастағы ер адамды ұстады. Ол 2008 жылдан бері Ресейде есірткімен байланысты қылмыс жасады деген күдікпен мемлекетаралық іздеуде жүрген», – делінген бейсенбідегі хабарда.
Белгілі болғандай, Жетісу полицейлері Ресей Федерациясының Красноярск өлкесі құқық қорғау органдарының іздестіру өтінішін орындаған.
«Күдіктінің орналасқан жері туралы ақпарат жіберілді. Белгіленген ер адамға қатысты істің барлық мән-жайлары анықталғанға дейін «Келу туралы міндеттеме» бұлтартпау шарасы таңдалды», – делінген хабарда.

adimage