Ақтөбе облысының тас жолында Ресейден келе жатқан жүк көлігі өртенді

Ақтөбе. 19 мамыр. ҚазТАГ – Ақтөбе облысының тас жолында Ресейден тәттілер әкеле жатқан жүк көлігі өртенді, деп хабарлады «Диапазон».
«18 мамырда Самара-Шымкент тас жолының 931 шақырымында, Белқопа ауылының маңында Volvо жүк көлігі өртенді. Жүк көлігіне кондитерлік өнімдер тиелген екен. Ол Ресейден Қырғызстанға бара жатқан», – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Жүірп келе жатып, жүргізуші тауар тиелген тіркеменің өртенгенін байқайды. Жолда тоқтап, басқа жүргізушілердің көмегімен тіркемені көліктен ағытып үлгереді.
Өрт салдарынан тіркеме толығымен жанып кеткен. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

adimage