Абай облысындағы орман өртінен елдімекендерге төнген қауіп жойылды

Семей.24 мамыр.ҚазТАГ- Абай облысындағы орман өртінен елдімекендерге төнген қауіп жойылды, деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.
«24 мамыр таңғы сағат 09.00-дегі жағдай бойынша елдімекендерге төнген қауіп жойылды. Өртті оқшаулау және жою бойынша барлық қажетті шара қабылданып жатыр», - делінген хабарламада.
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Абай облысы Бородулиха ауданында табиғи өртті сөндіру бойынша ТЖМ базасында жедел республикалық штаб отырысын өткізді. Өртті ауыздықтауға жеке құрамнан 434 адам және 109 техника, екі тікұшақ және өрт сөндіру пойызы жұмылдырылған.
ТЖМ 23 мамырда қосымша Астана қаласы, Павлодар және Қарағанды облыстарының жеке құрамынан 133 адам және 26 техниканы жіберген.

adimage