Активтерді қайтару жөніндегі комитет төрағасының орынбасарларының санын көбейтпекші

    Астана. 20 наурыз. ҚазТАГ - Активтерді қайтару жөніндегі комитет төрағасының орынбасарларының санын көбейтпекші, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
   «Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының активтерді қайтару жөніндегі комитеті туралы ережесінде: 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «18. Комитет төрағасында комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының бас прокуроры лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын орынбасарлар болады», - деп президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлық жобасында айтылған.
   Қазіргі таңда комитет басшысының бір ғана орынбасары бар. Жоғарыдағы құжатты негізге ала отырып, орынбасарлардың санын көбейтпек.
   «Комитеттің әртүрлі қызмет бағыттарын қамтитын 70-тен астам функциялары мен өкілеттіктері бар. Бүгінгі таңда комитетте төраға орынбасарының бір лауазымы қарастырылған, ол барлық бағыттарға жетекшілік етеді. Комитеттің неғұрлым тиімді жұмысын қамтамасыз ету және қосымша бақылауды енгізу мақсатында комитет төрағасының орынбасарының қосымша лауазымын енгізу қажеттілігі туындады», - деп өзгеріс негіздемесінде айтылған.
   Сонымен қатар, прокуратураның штат санын 5866-дан 5886-ға дейін көбейтпек.
   «Ақпараттың көп мөлшерін өңдеу және жұмыстың күрделілігі жеткілікті еңбек ресурстарының болуын болжайды», - деп түсіндірді құжат әзірлеушілері.

Фото көзі: 2gis.kz


adimage