Алматы әуежайында төрт сағат тұрып қалған Украинадан қашқан зейнеткер босқын статусын алғысы келеді

Алматы. 20 сәуір. ҚазТАГ – Бұған дейін Алматы әуежайында төрт сағат тұрып қалған Украинадан келген зейнеткер босқын статусын алғысы келеді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қазіргі таңда аталмыш азамат Қазақстан Республикасының «Босқындар туралы» заңына сәйкес Алматы қаласының жергілікті атқарушы органына оған босқын статусын беру туралы өтінішімен жүгінді», - деп хабарлады ҚазТАГ агенттігінің сауалына жауап берген көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, көліктегі полиция мәлімдегендей, ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері Алматы ПД-мен бірге әйелге Алматы әуежайы арқылы мемлекеттік шекарадан өтуге көмектескен.
Бұған дейін Рена Керимова мен Елена Жигаленок украиналық Николаев қаласынан соғыстан қашқан зейнеткерді Алматы әуежайында шекара қызметінің төрт сағат ұстағанын хабарлаған еді.

adimage