Алматыда тұрғын үй кешені ауласында көлік 7 жасар баланы қағып кетті

   Алматы.22 мамыр.ҚазТАГ- Алматыда тұрғын үй кешені ауласында көлік 7 жасар баланы қағып кетті, деді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.
  «20 мамырда сағат 18:30 шамасында "Алма Сити" шағынауданында Daewoo көлігінің жүргізушісі ауламен батыс бағытта келе жатып, 7 жастағы баланы қағып кеткен. Бала дене жарақаттарымен қалалық ауруханалардың біріне жеткізілген»,- делінген хабарламада.
   Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаға қарағанда, жүргізуші алдымен жолдың қарсы бетінен жүгіріп шыққан баланы қағып, кейін ойын алаңына соғылған.
   ЖКО дерегін Наурызбай аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері тергеп жатыр.

adimage