Алматыда тектоникалық бұзылу аймағында газ құю бекетін салмақ болған

Алматы. 1 сәуір. ҚазТАГ – Алматыда тектоникалық бұзылу аймағында газ құю бекетін салмақ болған, деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметінен.
«Алматыда прокуратура қабылдаған шаралардың арқасында техногенді сипаттағы қауіптің алды алынды. Көлік прокуратурасы араласқаннан кейін кінәлі лауазымды адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жер учаскесін Алматы қаласы әкімдігінің балансына қайтару шаралары қолға алынды», – делінген хабарда.
Алматы көлік прокуратурасы жер, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнаманың сақталуына жүргізген талдау нәтижесінде, автомобиль газ толтыру компрессорлық станцияларын салуға жер учаскесін беру кезінде заң бұзушылықты анықтаған.

adimage