Атбасарда су тасқынына байланысты тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр

Көкшетау. 11 сәуір. ҚазТАГ – Атбасарда су тасқынына байланысты тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлады ҚазТАГ.
«Биылғы жылдың 11 сәуірінде Жабай өзенінде су деңгейінің күрт өсуіне байланысты сағат 04:43-те топырақпен қоршалған бөгетің алты учаскесі бұзылып, су қалаға кірді. Су деңгейі тез көтеріліп, қауіпті деңгей 5,95 метрге жетті. Осыған байланысты су тасқыны қаупі бар аймақтың барлық тұрғындары үйлерін босатуы керек. Қазіргі уақытта ауданда төтенше жағдай режимі жарияланды», - деп хабарлады бейсенбі күні Атбасар әкімдігінен.
Жергілікті билік тұрғындарды дүрбелеңге түспеуге шақырды. Атбасар қаласында № 2, 3, 5, 6, 7 орта мектептер және «Олимп» ДСК, Балалардың музыка мектебінде эвакуация пункттері ұйымдастырылған.
«Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға залал өтеледі, ол үшін комиссия құрылып, зардап шеккен үйлерді дереу тексеретін болады», - делінген хабарда.
Жергілікті тұрғындардың ақпарынша, қазіргі кезде қаладағы жағдай жалпы бір қалыпты, дегенмен ертеңгісін барлық ескерту жүйелері іске қосылып, тұрғындарға қауіп туралы ескерткен. Мектептердегі сабақтар тоқтатылған.
«Тұрғындарды эвакуациялау, сондай-ақ объектілер мен тұрғын үйлерді қорғау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге, су кірген аймақтарда мотопомпалардың көмегімен су сору жұмыстары қолға алынған. Оған Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінен 400-ден астам адам және 100 техникасы жұмылдырылған», - деп мәлімдеді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінен.

adimage